Ұшақтағы адам жергілікті ораза кестесін емес, күннің батуын негізге алады.
Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?
Фото: pexels.com
4,077
оқылды

Рамазан айында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар бар. Соның бірі жол жүргенде ауыз ашуға қатысты. Осы орайда muslim.kz оқырманды толғандырған сауалдың жауабын жариялады.

Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Ұшақтағы адам жергілікті ораза кестесін емес, күннің батуын негізге алады. Мысалы, жергілікті кестеде «сағат осыншада ауызашар» дегенімен, ұшақтағы адамға күн әлі батпаса, ол кісі кестедегі уақытқа емес, күннің батуына қарайды[34]. Кесте уақыты жердегі ораза ұстаушылар үшін арналған. Өйткені Құранда айтылғандай, сәресіні ішуді тоқтату уақыты таң қылаң бере бастауымен, ауызашар уақыты күннің батуымен білінеді[35]. Бұл жолаушы кезде оразасын бұзғысы келмегендер үшін. Ал жалпы дініміз сапарда ауыз ашуға рұқсат етеді. Тек рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтеуді ұмытпауы керек.

Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі – жол жүргенде ораза ұстамау[36][1]. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал.

Ендеше, сіз де «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді» десеңіз, ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.