Бүгін ауа райы қандай болады?
Жауын-шашын, жел, тұман: 29 наурызға арналған ауа райы болжамы
4,415
оқылды

"Қазгидромет" 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде күн райын орталығы Ақтөбеде орналасқан кең алқапты циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік облыстарда қатты нөсерлетеді, елдің оңтүстік-шығысында да жаңбыр болжанады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауып, солтүстік батыста жаяу бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік батыста, солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал.