Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы күрес бойынша көмек көрсету үшін Аршалы ауданына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде Аршалы ауданында су тасқынының қаупі бар.
«Биылғы жылғы наурыздың 28-де қалыптасқан жағдайға байланысты 40 құтқарушы, 5 техника, 15 мотопомпа және 1 жүзу құралы бар Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары Аршалы ауданына көмекке келді», – деді ведомстводан.