Бүгін ауа райы қандай болады?
6 облыста ескерту жарияланды: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: akamaized.net
1,271
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 1 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның алты облысында ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.