Ол кінәсін толық мойындап, тергеумен келісім жасауға дайын екенін айтты.
Қайрат Сатыбалды сот барысында өз кінәсін толық мойындады
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
442
оқылды

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдының соты өтті. Айыпталушы Қайрат Сатыбалды сотқа онлайн қатысты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жолы Қ.Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық жолмен тапқан ақшасы мен мүлкін заңдастырмақ болған деген айып тағылды. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қайрат Сатыбалды сотқа онлайн қатысып, кінәсін толық мойындап, тергеумен келісім жасауға дайын екенін айтты.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде басқа қылмыстық ісі бойынша 6 жылға сотталған еді. Ал 2024 жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оған қатысты тағы бір іс әлі тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.