«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді аудандарында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жіберді.
Гуманитарлық көмек жөнелтілді
813
оқылды

Жалпы көлемі 20 тонна болатын ауыр жүк көлігіне жанашыр жандар жаңа киімдер, 4 тонна картоп, 1 тонна су, 6 тонна ұн, жарты тонна пияз, 350 литр күнбағыс майы, 500 келі макарон өнімдері, 200 келі күріш, жеке гигиена заттары, резеңке етіктер, жастық, төсек-орындар тиеп жіберді.

«Еліміздегі су тасқыны бәріміз үшін өте қиын жағдай болғаны сөзсіз. Біздің тарапымыздан бүгін депуттар болып, белсенділер мен партия жақ­тастары болып көмек жіберіуде. Қолдан келгенше халықпен бірге болу – «AMANAT» партиясының мүшелері мен депутаттарының па­рызы», – дейді жергілікті халық қалаулылары. 

Гуманитарлық көмек көрсету жарияланған сәттен бастап қолын созғандар қатарында облыстық мәслихат депутаттарынан бөлек, бел­сенділер де бар. Олардың күш біріктіруінің арқасында 1 миллион тең­геден астам қаражат жиналып, азық-түлік сатып алыну үстінде. Сондай-ақ гуманитарлық көмекке сүбелі үлесін қосқандардың қатарында SV TRANS LOGISTIK ЖК басшысы Валерий Сусаренко, «Аква Арасан» ЖШС басшысы Игорь Генн, «ОРТ» ЖШС-дан Айтжан Есенгельдинов, «Қарасу астық» ЖШС басшысы Амир Турсунов, «Жаңа өмір – 2012» ЖШС-дан Аслан Дабылов және «Мир одежды» дүкенінің қызмет­керлерін ерекше атап өтуге болады. 

Қостанай облысында «AMANAT» партияның өңірлік филиалының, ау­мақтақ бөлімшелерінің төрағалары мен атқарушы хатшылары, пар­тиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық, аудандық мәс­лихаттағы депутаттық фракция мүшелері, «Жастар Рухының» еріктілері су басқан аумақтарда атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді араласуда.  

Берік БЕК