Өңірлердегі су тасқыны жағдайы Мемлекет басшысының бақылауында. Ұлттық волонтерлер желісі жедел штабының жұмысы аясында еліміздегі 20 аймақтың әрқайсысында өңірлік волонтерлер фронт-кеңсесі базасында call center құрылды.
Волонтерлер фронт-кеңсесі жұмыс істеп тұр
499
оқылды

Зардап шеккендерге көмек көрсетіп, волон­тер­лерді бөлуді үйлестіру үшін бірыңғай байла­ныс нөмірі  (+7 708 706 4242) жұмыс істеп тұр. Қауіпті аймақтарда орналасқан өңірлерде гума­ни­тарлық көмек жинау пункттері ұйымдас­тырыл­ды.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақ­мола облыстарында еріктілер зардап шеккен ау­мақ­тарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эва­куация пункттерінде уақытша тұру сияқты ша­раларды ұйымдастырумен айналысуда. Олар гу­манитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық ша­ралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.