Өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағынауданына жайыла бастады.
БҚО-да Шаған және Деркөл өзендерінде су қауіпті деңгейден асып кетті
751
оқылды

Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде су деңгейі 708 сантиметр болды. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал  Шаған өзенінің гидробекетінде 1 264 см-ге жетті.  Жайық өзенінің деңгейі бүгінде 583 см-ге дейін көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты. Осылайша, Жайық өзенінің көтерілуі және екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді.

Соның салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағынауданына жайыла бастады.

Қазір Самал шағынауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіру жүргізілуде. Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағынауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.