Бүгін ауа райы қандай болады?
4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
1,822
оқылды

"Қазгидромет" 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігі батыс антициклонының ықпалында болады. Сәйкесінше, жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Ал республиканың батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл тұрады.