Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының экс-басқарма төрағасы ұсталды
Фото: gov.kz
1,040
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы аса ірі көлемде қаржы жымқырған деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК-нің  201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды, делінген хабарламада.