Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді: 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik.com
1,399
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды.

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл соғады.