Целиноград және Шортанды аудандарының аумағында орналасқан егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», - делінген хабарламада.