Қазір республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.
6 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: ktk.kz
1,093
оқылды

Еліміздің 6 облысында республикалық маңызы бар 8 автожолда көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 шақырым) қозғалыс шектелді. 

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды. 

Қазір республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.