Мәжіліс Спикері Ерлан Қо­шановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы оты­рыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс жол жүрісіне қатысты заң жобасын қарайды
600
оқылды

Депутаттардың талқылауына «Жол жүрісі туралы» заң жобасы мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жеке­леген көлік құралдарының түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша енгізілетін өзге­рістерді бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Парламент депутаттары бастама­шылық жасаған түзетулер шағын элек­тр және көлік құралдарының жеке­леген түрлерінің қозғалысын бақылауды жүзеге асыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелерін қамтиды. Қозғалтқыш көлемі 50 текше см-ден аз мопедтерді мемлекеттік тіркеу көз­деледі, сондай-ақ олардың жүр­гізу­шілеріне қойылатын талаптар бел­гіленеді. Жергілікті атқарушы орган­дарға электр скутерлерін пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беріледі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру аясында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану тәжірибесі кеңейтіледі.

Алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Қырғыз үкіметтері арасындағы «Қарасу» және «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралатын болады. 

Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және «Биологиялық материалмен алмасу туралы келісімді ра­тификациялау туралы» жаңа заң жоба­ларын жұмысқа алады.