Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Қаскелеңдегі қоймадан шыққан.
Алматы облысында қойма өртеніп жатыр
1,398
оқылды

Алматы облысында қойма өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Қаскелеңдегі қоймадан шыққан.

«Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелеңде бөлек тұрған бірқабатты қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.