Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті сана­латын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің бас­шыларынан және халықаралық ұйым­дар­дың жетек­шілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті.
Құттықтау жеделхаттары келіп түсті
1,041
оқылды

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев­қа түрік халқының және жеке өз атынан жүрекжарды ле­бізін білдіріп, оған зор денсаулық, бақыт, ал достас әрі бауыр­лас Қазақстан жұртшылығына бақ-береке тіледі.

– Ынтымақ-бірлік, бауырластық құндылықтарын дәріп­тей­тін осы қасиетті мереке Ислам әлеміне және барша адамзатқа бей­­­бітшілік, бақ-береке ала келсін, – деп жазылған Түркия Пре­зидентінің құттықтау жеделхатында.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақ­стан халқына ізгі тілегін білдірген.

– Кейінгі жылдары ортақ мәдени және рухани құнды­лық­тар­ды қастерлейтін достас халықтарымыздың өзара бірлігі ны­ғайып келеді. Оның бейбітшілік пен тыныштықты, өзара дос­тық­ты дәріптейтін қасиетті Рамазан айы мен Ораза айттың ізгі қағидаттарымен үндесетіні сөзсіз, – деп жазылған жеделхат­та.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құттықтауында мем­лекетіміздің басшысына амандық тілеп, Қазақстан халқы­ның бейбіт заманда өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

– Сенімнің беріктігін, төзімділік пен бірлікті айшықтайтын осы­нау рухани мерекеде халықтарымыздың ынтымағы ны­ғайып, бақ-берекесі еселене берсін, – деп жазды қырғыз елінің бас­шысы.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон өз жеделхатында ел­деріміз арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары дең­гейіне көңілі толатынын атап өткен.

– Барша мұсылман елдері үшін қасиетті саналатын мейрам­ның адамгершілікке үндейтін құндылықтары мен жасампаз дәстүрі халықтарымыз арасындағы мызғымас берік байланысты ны­ғайтуға алдағы уақытта да қызмет ете беретініне сенімдімін, – деп жазған Тәжікстан басшысы.

Қасиетті Ораза айт мейрамына орай ізгі тілегін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те жолдады.  

– Ежелден адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік жә­не рухани тазалық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін бұл мей­рам мұсылман үмбеті арасындағы өзара түсіністікті, ынты­мақ пен татулықты нығайта беретініне кәміл сенемін, – деп жаз­ған Түрікменстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысын БАӘ Президенті шейх Мұ­хаммед бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис әл-Манфи, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашид, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лун, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі және Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және тағы басқалар құттықтады.