Оқиға Астрахан ауданына қарасты Старый Колутон ауылында болған.
Астрахан ауданында сырқаттанған әйел жедел жәрдемге қайықпен жеткізілді
613
оқылды

Астрахан ауданында су құрсауында қалған ауылда қан қысымы күрт көтерілген әйел жедел жәрдем көлігіне қайықпен жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Оқиға Астрахан ауданына қарасты Старый Колутон ауылында болған. Арнасынан асып кеткен Колутон өзенінен ауыл ішін қарғын су басып қалған. Аяқастынан қан қысымы көтерілген 65 жастағы әйелді құтқарушылар қайықпен жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізуге мәжбүр болған.

«Астрахан ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Аян Сералиев бастаған құтқарушылар науқастанған әйелді дереу қайықпен эвакуациялап, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді. Ол Астана қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта ауруханадан шықты. Жағдайы тұрақты», – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы