Тұрғындар аспандағы бейнені суретке түсіріп алған.
Атырау тұрғындары аспандағы ерекше көрініске куә болды
Фото: Instagram/atyrauoil.news
3,345
оқылды

Атырау қаласының тұрғындары аспаннан ерекше көріністі байқады. Бұл туралы atyrauoil.official парақшасы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Парақша авторы бұл құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізудің белгісі болуы мүмкін деген болжам жасап, жазба қалдырған. 

«Бір жыл бұрын Астрахань облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Капустин Яр полигонынан құрлықаралық баллистикалық зымыран да сынақтан өткен болатын. Сонда Қорғаныс министрлігі жазғандай, «зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстандағы полигондағы шартты нысанаға белгіленген дәлдікпен тиді», – деп жазылған парақшада.

Бұл жайтқа қатысты ресми ақпарат берілмеді.