Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті түзеу мекемелерінің бірінде 11 жыл жазасын өтеп жатқан сотталушының оқиғасын мәлімдеді.
Сарбаз сүйіктісін ваннаға тұншықтырып, ақшасын құмар ойынға салып жіберген
632
оқылды

Бір жыл бұрын ол құмар ойынға беріліп, жантүршігерлік қылмыс жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚАЖД-да мәліметінше, 20 жастағы Серік әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет атқарған.

"Жігіт толық емес отбасында өсті, олар анасының аз ғана жалақысына күн көрді, үлкен ағасы ертерек қосымша табыс таба бастады. Әскери борышын өтеген соң, орта арнаулы білімі бар Серік келісімшарт бойынша қызметін жалғастырды. Жаңа бастаған әскери адам үшін жалақысы жақсы болған, бірақ ол одан да көп тапқысы келген. Оның амбициясы мен құмарлығы болды. Бала кезінен бастап ол ересектерден кем түспейтіндей карталарды жақсы ойнады, жас кезінде ойын автоматтарына қызығып қараған, ал барлық жерде ақша керек болған", – деп жазды Massaget.kz бұл оқиғаны.

Жеңіл қосымша табыс іздеген жігіт букмекерлік кеңсеге жолыққан. Ол бәс тігіп,  бірнеше рет жолы болды. Алайда сәттілік ұзаққа созылмады, жігіттің қарыздары жинала бастады. Қарыз алатын ешкім қалмаған соң Серік Айша деген қыздан өтінеді. Алайда ол одан бас тартты, бұл олардың қарым-қатынасына сызат түсіреді. 

"Алкоголь мен тәттілерді алып, ол қыздың үйіне қарай беттеді. Дастархан басында әңгіменің тақырыбы жалғасты: Серік Айшадан аз уақытқа 200 мың теңге қарызға алуын өтінді, бірақ қыз тағы да бас тартты. Онымен бірге диванға жайғасқан жігіт қызды кенеттен жатқызып, жастықпен тұншықтыра бастады. Қыздың тамырын тексеріп, тыныс алмай жатқанда, ол Айша өлді деп ойлады. Пәтерден тез арада алтын зергерлік бұйымдарды тауып, Iphone мен әмиянды алды, онда 180 мың теңге, құжаттар мен банк картасы болды, онымен бірге ол букмекерлік кеңсенің дербес шотына аударым жасады. Серік кетіп бара жатып, Айшаның денесін суға толы ваннаға салып кеткен, қыз соның салдарынан қайтыс болды", – деді ҚАЖД өкілдері.

Сот Серікті 11 жылға бас бостандығынан айырды.