Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде шетелдік әріптестер іздестіріп жатқан 13 қылмыскер ұсталды.
Бір аптаның ішінде іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұсталды
Фото: Polisia.kz
1,483
оқылды

ІІМ бір аптаның ішінде іздеуде жүрген 38 қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

7-13 сәуір аралығында ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасаса отырып, іздестірудегі 38 қылмыскерді ұстады.

Мәселен, Қызылорда облысының ПД қызметкерлері облыстың 42 жастағы ер адамды ұстады, ол 2017-2021 жылдар аралығында ЖШС құрылтайшысы бола тұра, серіктестік шоттарынан 87 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденіп, жұмсаған.

Шымкент қаласына жақын жерде Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 2015 жылы Түркістан облысы Арыс ауданының аумағында болған атысқа қатысқан күдіктіні ұстаған, атыс салдарынан бір адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Ұсталған адам ҮҰ-ға қамалды.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде шетелдік әріптестер іздестіріп жатқан 13 қылмыскер ұсталды.

Мәселен, Алматы қаласының халықаралық әуежайында көліктегі полиция департаменті қызметкерлері шекара қызметкерлерімен бірлесіп, 2023 жылғы қыркүйекте Сауд Арабиясы Эр-Рияд қаласының сауда орталықтарының бірінен жалпы сомасы 835 мың сауд реалы (99,1 млн теңге) болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған ҚХР азаматын ұстады.

Елорда полицейлері Астана қаласында 25 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған, ол 2023 жылғы маусымда Өзбекстан Республикасының Сұрқандария облысында таныстарымен бірге жергілікті тұрғынды алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы құны 164 млн сом (5,8 млн теңге) тұратын Cobalt көлігін несиеге ресімдеуге көндірген. Алдау арқылы көлікті басқа адамға 120 млн сомға (4,2 млн теңге) сатып жіберген.

Сол күні Астана қаласының халықаралық әуежайында полиция шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, өзбекстандық азаматты ұстаған, ол 2022 жылғы желтоқсанда Өзбекстанның Уйчин ауданында таныстарымен бірге алдау арқылы аудан тұрғынына құны 25 млн сом (1 млн тг) несие ресімдеуін сұраған, ал ақшаны өздерінің қажеттіліктеріне жұмсап, жасырынған.

Одан бөлек, бір аптаның ішінде ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 31 адамның жүрген жерін анықтады.