Қазіргі таңда республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.
Су тасқыны: 7 облыста республикалық 12 жол жабық
684
оқылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылғы 14 сәуірдегі сағат 11:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4970 метр болатын су тасқыны болған.

7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, ШҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 550 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 339 бірлік техника мен 723 адам жұмылдырылған.