Прокуратура рұқсат құжатына қол жеткізе алмаған инвестор әділдікке қол жеткізді.
Прокуратура инвесторға араша түсті
Фото: istockphoto.com/ru
1,854
оқылды

Прокуратураның наразылығы негізінде инвестор рұқсат құжаттарын алды. Бұл туралы Aikyn.kz Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласында  Almaty Motors Al-Farabi  ЖШС 250 жұмыс орнын ашатын, құны 5,3 миллиард теңге тұратын шетелдік авто өндіруші орталығын (Cherry, Haval, BYD автоорталығы ред.) салу бойынша жобаны жүзеге асырып жатыр.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы нысан құрылысына АЖТ беру туралы инвестор арызын қанағаттандырудан бас тартқан.

Прокуратура наразылығы негізінде уәкілетті орган АЖТ беруден бас тарту бойынша заңсыз шешімі жойылып, инвесторға рұқсат құжаттары берілген.

Инвесторлардың құқығын қорғау ерекше бақылауда болады.

Бұған дейін Прокуратура инвестордың құқығын қорғағаны туралы хабарлаған болатынбыз.