Доллар бағамы 400-410 теңгеге дейін баруы мүмкін - экономист
Доллар бағамы 400-410 теңгеге дейін баруы мүмкін - экономист
© Сурет ғаламтордан
270
оқылды

Бүгін еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар бағасы 397 теңгеге дейін шарықтап кетуіне байланысты экономист Сапарбай Жобаевтан пікір сұраған болатынбыз. Ол мұнай экспорттаушы ел ретінде ұлттық валютамыздың бағамы қара алтынға деген сұранысқа тікелей байланысты екенін айтты.

"Теңге бағамына болжам айту қазір өте қиын. Еуропа мемлекеттері экономикалық белсенділікті бізден де көп төмендетіп жатыр. Ал біз Еуропаға ең үлкен экспорт жасайтын мемлекетпіз. Егер олар біздің мұнайымызға сұранысты азайттатын болса, әрине 400-410-ға дейін баруы мүмкін. Әлемде мұнай бағасы одан ары түспесін деп тілеп отырмыз. Егер одан түссе, 410-ға жетуі әбден мүмкін", – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Brent маркалы мұнайдың бағасы сауда-саттықтың ашылуында ОПЕК мәмілесі құлағаннан кейін бірінші жұмыс күні барреліне 31,43 долларға дейін құлдырады.