Ғылым және жоғары білім ми­нист­рі Саясат Нұрбек Қазақ ұлттық аграр­лық зерттеу университетінің ба­за­сын­да «Ташкент ирригация жә­не ауыл шаруашылығын меха­ни­ка­лан­дыру инженерлері институты» Ғы­лы­ми зерттеу университетінің фи­лиа­лын құру туралы бұйрыққа қол қойды.
Қос дипломдық бағдарламаның берері мол
412
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақ­стан халқына Жолдауында агроөнеркә­сіп­тік секторды дамытудың басым бағыттарын ай­қындай отырып, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін күшті базалық жоғары оқу орнын анықтау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын.

Былтыр екі елдің Премьер-Министр­лері орынбасарлары,  Ғылым және жоғары білім, ӨР Жоғары және орта арнаулы білім ми­нистрлерінің орынбасарлары, KazNARU мен «ТИАШМИИ» ҒЗУ ректорлары кез­десіп, KazNARU базасында филиал ашу мәселесін жан-жақты талқылаған бо­ла­тын. Нәтижесінде, KazNARU базасында фи­лиал ашу жөніндегі Жол картасы қа­был­данып, ӨР Жоғары білім, ғылым және ин­новация министрлігі мен ҚР Ауыл шаруа­шылығы министрліктері бірауыздан ке­лісімге келген. Сонымен қатар екі елдің ЖОО арасындағы 2028 жылға дейін ғы­лым-білім беру қызметі саласындағы ын­тымақтастық туралы бірлескен Шартқа қол қойылды.

«Ташкент ирригация және ауыл шаруа­шы­лығын механикаландыру инженерлері инс­титуты» Ғылыми зерттеу универ­си­те­тінің тарихы 1923 жылдан басталады. Оқу орны алғашқыда Түркістан мемлекеттік уни­верситетінің базасында, 1929 жылы Ор­талық Азия мақта-ирригациялық поли­тех­никалық институты болып құрылған. 

Еске сала кетейік, жақында KazNARU Бас­қарма Төрағасы – Ректор ҚР Ақылбек Кү­рішбаев пен «ТИАШМИИ» ҒЗУ Рек­торы Баходир Мирзаев Алматыда кездесіп, Су Хабының негізгі оқу аудиториялары мен ­ғылыми зертханаларының жұмысымен та­нысып шықты. Сонымен бірге тараптар фи­лиалдың ашылуына қатысты инф­ра­құ­ры­лымды дамыту; қаржыландыру көз­де­рін қарастыру; оқу процесін жетілдіру үшін за­­­манауи оқу және ғылыми әдебиеттермен қам­тамасыз ету; су ресурстарын басқару, су­ды пайдалану, мелиорация және жерді ре­культивациялау саласында бірлескен ғы­лыми жобаларды әзірлеу сынды бірқа­тар мәселені талқылады. 

Ғалымдар жаңа филиалдың ашылуы су шаруашылығына қажетті бәсекеге қабі­летті мамандар даярлауды күшейту арқылы Өз­бекстан мен Қазақстанның су ресурста­рын ұтымды пайдалану, АӨК саласында инновациялық технологияларды әзірлеу, цифрлық экономикаға көшу жағдайында ауыл шаруашылығын жаңа «цифрлық» дең­гейге көтеруді жеделдету, Орталық Азия­дағы су қауіпсіздігін нығайту салала­ры­на тың серпін береді деп баға беріп отыр.

Қазір өзара жасалған келісімшарт бойын­ша университеттің «Су, жер және ор­ман ресурстары» факультетінің 1-курс сту­денттері Ташкентте «Ирригация және гид­ротехникалық құрылыстар» факуль­тетінде білімін жалғастыруды бастап кетті. 

Б.ҚАБАЙ