Алматы қаласында 21 мамыр сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, субьектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.
«Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖ департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды!», - делінген қала әкімдігі хабарламасында.
«Баршаның назарына!» халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.
Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы үлкен маңызға ие.
📌Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын жасау маңызды:
📌Жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз.
📌Жерасты дүмпуі кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар (техникалық жоспардан, сол төлқұжаттан көруге болады);
📌 ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын табыңыз; Жиһаздың жоғары сөрелерін ауыр заттардан босатыңыз. Тіпті, құлайтын жиhазды бекітіп тастау қажет.
Көпқабатты үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтау ұсынылады:
1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жерасты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын ала дайындалған «дабыл шабаданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
📌 Эвакуациядан кейін қажет болған жағдайда, ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын халықты қабылдау пунктіне бару керек. Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт бар.
📌 Әдетте халықты және ТЖ кезінде зардап шеккендердің жиналу нүктесі білім беру ұйымдарында: мектепте, балабақшада, колледжде, жоғары оқу орындарында орналастырылады.
📌 «Баршаның назарына!» сигналын естіген соң дабыл шабаныңыздағы қабылдағышты қосып, әрі қарай нұсқаулыққа сәйкес қимылдау қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.