77 жастағы Несібелі Кенжеғұлова бүгін, 30 мамыр күні, түнде белгісіз бағытта Семилетка ауылында орналасқан үйінен шығып кетіп қалды.
Үйден жалаңаяқ шығып кетті: Қостанай облысында зейнеткерге іздеу жарияланды
Фото: instagram.com/pso_dos.kst_
1,592
оқылды

Қостанай облысында қарт зейнеткер жоғалып кетті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

77 жастағы Несібелі Кенжеғұлова бүгін, 30 мамыр күні, түнде белгісіз бағытта Семилетка ауылында орналасқан үйінен шығып кетіп қалды. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Әйел қара халат киіп, басына орамал таққан, аяқкиімсіз.

Егер жоғалған әйел туралы ақпарат белгілі болса, осы нөмірлерге қоңырау шалуды сұраймыз: 102, 8 707 197 18 48, 8 777 743 56 08.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.