Отандық әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс бала кезінен өнер жолына жақын болған.
Әкем қой бағасың деді: Сейфуллин Жолбарыс өнерге қалай келгенін айтып берді
1,791
оқылды

Өнер иесі шығармашылық жолын "Оян" бағдарламасына қонақ болғанда баяндап берді, – деп жазады Aikyn.kz.

Сейфуллин Жолбарыстың сөзіне қарағанда, оның алғаш үйренген аспабы – домбыра.

"4-сыныптан бастап домбыра үйірмесіне қатыстым. Содан кейін 5-сыныпта қайта-қайта барып, ансамбль ойнап жатқан есікті ашады екенмін. Сонымен гитараға ауыстым. Одан кейін өзімнің мектеп ансамблім болды. Өзім соның жетекшісі болдым. 6-7-сыныптан бастап музыкант боламын деп, сол жолды таңдадым", – деді ол.

Сазгер музыкаға бет бұрғанда әкесі қатаң ескерту жасағанын есіне алды.

"Музыкалық колледжге, біздің кезіміздегі училищеге түсетін кезде әкем "Мен апармаймын, бірақ оқуға түспесең, қой бағасың" деді. Қорқыныш ұрып тұрды, бастысы, қой бақпау керек. Солай музыкалық училищеге түстім. Қалған тәжірибенің бәрі сол жақтан келді", – деді Сейфуллин Жолбарыс. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.