Тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жұмысқа «AMANAT» партиясы да белсенді атсалысып келеді.
«AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінде гүл шоғын қойды
1,054
оқылды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, партияның «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, партия мүшелері және белсенділерімен бірге «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі Еске алу қабырғасына гүл шоғын қойды. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Өздеріңіз білетіндей, елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, былтыр аталған комиссия өз жұмысын аяқтаған еді. Комиссияның қызметі ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Саяси қуғын-сүргінге қатысты зерттеу жұмысын Президент тапсырмасымен құрылған XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығы ары қарай жалғастыруда. Тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жұмысқа «AMANAT» партиясы да белсенді атсалысып келеді.

Іс-шара соңында молда қуғын-сүргінге ұшырағандардың рухына арнап Құран бағыштады.

Еске сала кетейік, 1997 жылдан бері Қазақстанда 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.