Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысы және жол жабындылары механикасын зерттеуші ғалым Бағдат Телтаевпен кездесті.
Мемлекет басшысы Бағдат Телтаевты қабылдады
440
оқылды

Жүздесуде Алматы қаласындағы және еліміздегі жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары, инновациялық технологияларды енгізу және аталған салаға маман даярлау мәселелері тал­қыланды.

Мемлекет басшысына қалалардың қарқынды дамуына байланысты туын­даған, көлік инфрақұрылымына айтар­лықтай салмақ түсіретін басты проблемалар мен сын-қатерлер туралы мәлімет беріліп, оларды шешу жолдары жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, Бағдат Телтаев жол құрылысына құрамында полимер қосын­дылары бар асфальтбетон қолдану тә­жіри­бесінің сәтті өткенін жеткізді. Жүргізілген сынақ нәтижесінде аталған технология жолдың ойылуына және жарықшақтардың пайда болуына, сондай-ақ тағы да басқа климаттық әсерлерге төзімді екені анық­талды. 

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Бағдат Телтаевқа ризашылығын білдіріп, жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді жалғастырудың және жол құрылысына озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне назар аударды. Айтылған ұсыныстар негізінде Үкіметке және салалық министрлікке тиісті тапсыр­малар беріледі.