Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро отырысы өтті
424
оқылды

Депутаттардың талқылауына Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің ат­қарылуы туралы есептері ұсынылады. 

Сонымен қатар Мәжілістің күн тәртіб­інің жобасында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің ара­сындағы мәдени орталықтарды өзара құру бойынша келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар. Құжат екі елдің мемлекет басшылары Қытай мен Қазақстанда теңдестірілген негізде мәдени орталықтар құру туралы уағдаластығы аясында әзір­ленді. Ол достық қатынастарды дамы­туға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынт­ы­мақтастықты арттыруға бағытталған.