Мемлекет басшысы эколог, ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановты қабылдады.
Шаһардың экологиялық мәселесін шешу маңызды
662
оқылды

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған орта проблемаларын шешу ісіне азамат­тарды, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті кеңінен тарту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ECO Network жобасын оң бағалады. Мемлекет басшысы, ең ал­дымен, адамның мәдениетін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды бөлек сұрыптау және қайта өңдеуді көздейтін «Экохаб», «Жасыл кең­се», «Жасыл мектеп» бағыттары эко­мәдениетті дәріптеудің тиімді тетігі ретінде жаппай таратуға лайық тәжірибе екенін атап өтті.

Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, қазірдің өзінде ECO Network жобасына Қазақстан бойынша жүздеген компания мен оқу орындары қосылған. Олар бизнес процестеріне экостандарттарды енгізіп, экономиканы декарбонизациялау үдерісіне елеулі үлес қосып жатыр.Президент эко­логтың бастамалары жал­пы­ұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идео­логиясымен үндес еке­ніне назар ау­дарды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың «Жа­сыл Алматы» жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде шаһардың экологиялық мәселелерін шешудің тиімді әрі креативті тәсілдерін жүзеге асыратынына сенім білдірді.