Бала мен ананың жағдайы бірқалыпты.
Павлодар облысының тұрғыны әйелін өзі босандырып алды
Фото: istockphoto.com
781
оқылды

Майқайың тұрғыны телефон арқылы жедел жәрдем диспетчерінің нұсқауымен әйелін босандырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Павлодар-онлайн сайтының жазуынша, таңғы 4 шамасында «103» қызметіне шұғыл қоңырау түскен. Ер адам 24 жастағы әйелінің толғағы басталғанын айтқан. Диспетчер жедел жәрдем бригадасын шақырып, өзі байланыста болып, болашақ әкеге телефон арқылы нұсқау беріп, не істеу керегін түсіндірген.

Жедел жәрдем келгенде, нәресте дүние есігін ашты.

«Ұл баланың салмағы үш келі, бойы – 52 сантиметр. Бала мен анасының жағдайы бірқалыпты. Олар Майқайың ауылдық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер ауруханадан тыс жерде босану түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Сондықтан жедел жәрдемге уақытында хабарласқан дұрыс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.