Алматы облысының орталығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Әдептен озбаған жөн
570
оқылды

Кеңестің атауы айтып тұрғандай, аталған ұйым халық пен биліктің арасын жалғастырып тұрған мемлекеттік қызметте әдеп сақтаудың, бұқарамен өзара түсіністікте болудың маңызы аса зор екенін мемлекет атынан халыққа қызмет көрсететіндерге түсіндіруді мақсат етеді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде халық пен атқарушы билік өкілдері арасында түрлі келеңсіз жағдайлар тіркеліп жатады және мұндай түсінбестіктер тұрғындардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне селкеу түсіреді.

Бұл жолғы отырыстың күн тәр­тібіндегі бірінші мә­селе бо­йын­ша кеңес мүше­лері Тал­ғар ауданы Бесағаш ауыл­дық округінің әкіміне қа­­­­­тыс­ты тәр­­­­тіптік істі қара­ды. Қарал­­ған мәселе жайында баян­дама жасаған кеңес хат­шы­­лығының бас маманы А.Мұх­­­та­­­рованың баян­дауын­ша, қызметтік тер­геу бары­сында биыл 24 наурыз күні сағат 13:30 шамасында Бес­­­ағаш ауылдық округ аума­ғында өткен іс-шара кезінде ауыл басшысының шағым­дану­­­­шымен жанжалдасып қал­­­­­­­­­ғаны және сол жерде ауыл­­­­­­дық округ әкімінің қыз­меттік эти­­­­­каны бұзғаны анық­­талған.

Өз кезегінде сөз алған ауыл әкімі халықпен кездесу кезінде аудан әкімі мен басқа да лауа­зымды қызметкерлерді бала­­ғаттап, дау-жанжал шығарып, мәмілеге шақырушыларға дөре­­­­кілік танытқан адаммен екі арада түсінбестік туында­ғанын мойындайтынын жет­кізді. Ол кісінің өзін де бала­­­­ғаттап, ар-намысына тигенін, сол үшін сот­қа қарсы арыз бер­генін, алай­да оның сот оты­­рысына кел­мей қалғанын тілге тиек етті. «Мемлекеттік қызметші ре­тінде сабырлылық танытуым қажет еді» деп өткен іске өкі­­нішін де білдірді. Жұрт­­пен жүз­десу барысында орын алған түсін­­бестіктен туындаған мәсе­лені мұқият таразылап, саралай сарапқа салған кеңес мүшелері Әдеп кодексіне сәйкес, қандай жағ­дай болса да, мемлекеттік қыз­меткердің арандатуға ер­мей, дөрекілік танытпауы қа­жет­тігін, барлығын заң ая­­­­сында шешуі керектігін алға тартып, ауыл­дық округ бас­­­­шы­­сына қатысты қызметке то­лық сәй­кес еместігі туралы ескерту тү­ріндегі жаза қолдану жө­нінде ұйғарымға келді.

Кеңес отырысында сөз ал­ған Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департа­­мен­тінің облыс бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Шанкереев әдеп нор­­ма­­­ларын түсіндіру бағытында жүргізілген жұмыс­тарға тоқтала келе, аталған саладағы қызмет­керлердің са­наты басқа мемле­кеттік органдармен салыстыр­­­ғанда төмен және жалақысы аз еке­ніне кеңес мүшелерінің наза­­рын аударды.

Әдеп жөніндегі кеңестің мү­­­шесі Е.Әбитовтің есебінде ай­тылғандай, Әдеп жөніндегі кеңестің 17 отырысы өткізіліп, 180-нен астам мәселе, оның ішін­де 152 тәртіптік іс қара­­­­­лыпты. Мемлекеттік қыз­мет­кер­лер арасында әдеп нор­ма­ларын түсіндіру жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында бірқа­тар кез­десу мен көшпелі оты­рыс­тар ұйым­дастырылып, түсін­діру жұмыстары жүр­гізілген. Тал­ғар, Іле, Қарасай аудан­­дарын­да өт­кен сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­деріне ішкі талдау нә­ти­же­лері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң­наманы бұ­зу профи­лак­тикасы мен мем­лекеттік қызмет­ші­лердің әлеу­меттік кепілдік­терінің сақ­та­луы­на жүргізілген талдау қо­­­­­­­­ры­­­тындысы бойын­ша көш­пелі кеңес отырыстары өткізіл­ген. Мемлекеттік қыз­мет сала­­сындағы бақылау бас­­­­­­­қар­­­­­масы­мен бірлесіп, Еңбек­­ші­қа­зақ ауданының орталығы Есік қа­ласында мемлекеттік қызмет­­­шілерге жаңа Әдеп ко­дексі түсін­діріліпті. 

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы