Есіл ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдап кеткен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан тұрғын ұсталды
1,599
оқылды

Астанада полицейлер жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқты әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу барысында ер адамның Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада Астанада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол шұғыл және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90-100 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударуды сұраған.

Күдіктінің арбауына тап болған 4 астаналық полицияға жүгінген. Солардың бірі, 21 жастағы Астана тұрғыны күдіктінің "жалға пәтер беремін" деген өтірігіне сеніп, 100 мың теңге көлеміндегі ақшасынан қағылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.