Бүгін 2 маусым – Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу турнирінде қазақстандық 3 боксшы рингке шығады.
Олимпиаданың іріктеу турнирінде бүгін 3 боксшы өнер көрсетеді
1,446
оқылды

Жекпе-жектердің барлығы Qazsport телеарнасында көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атап айтсақ, 75 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Валентина Хальзова колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен рингке шығады. Жекпе-жекті сағат 12:00-де тамашалауға болады. 

50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай солтүстіккореялық Канг Су Хуангмен бақ сынайды. Көрсетілім уақыты – сағат 16:30-да. 

63,5 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен молдовалық Александру Парасчивтің жекпе-жегі сағат 17:30-да басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.