Су айдындарына балаларды ойнауға жібермеу қажет.
ШҚО-да үш жасар бала өзенге батып кетті
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
570
оқылды

ШҚО-да ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бүгін ШҚО Уланка көлінде, 2021 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап, батып кетті. 

«ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды. Су айдындарына  балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарлаңыздар», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.