Екі азамат бір-бірімен ерегісіп, арты төбелеске ұласқан.
Қызылорда: Мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
bdfclub.com
1,204
оқылды

Қызылордада мұғалім өз әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елді мекенінде болған. 2 маусымға қараған түні екі азамат бір-бірімен ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Бұл туралы qazaqstan.tv арнасы хабарлады.

Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенше 35 жастағы қала тұрғыны көз жұмды. Екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.