Жібек Құламбаева Италияда өтетін негізгі жарысқа жолдама алды.
Қазақстандық теннисші Италияда өтетін жарысқа жолдама алды
aikyn.kz
961
оқылды

Әлемнің 471-ракеткасы Жібек Құламбаева Бари (Италия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 723-орында тұрған Италия өкілі Элеонора Алвисимен кездесті.

Жібек 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ол 13 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды. Алвиси 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша, Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Рыбакинаның Токиода кеткен есені қайтарып, ширек финалға шыққан еді. Енді Елена Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.