Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында мас күйде науқас қабылдаған дәрігерді видеоға түсіріп алған. Автор дәрігерден "массыз ба ?" деп бірнеше рет сұраған. Бірақ азамат жауап бермеген, – деп хабарлайды Аikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургінің жұмыс орнында ішімдік ішкенін растады.
"Оқиға 30 мамыр күні кешкі уақытта болған. Қызметкердің алкогольдік масаң күйде екені анықталып, Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетілді. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды" – деді, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.