Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, 1 жылдың ішінде 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі. Ал осы жылы бұл сан 4 мыңнан асты.
«Қазақстанда жетім балалар көбейіп жатыр»: Динара Зәкиева
640
оқылды

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева «Jibek Joly» телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны өсіп бара жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Динара Зәкиеваның айтуынша, қазіргі таңда елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 115 мекеме бар. Жалпы осы мекемелерде 4 мыңнан астам бала тұрады. Ал жалпы Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 22 мың бала бар. Оның ішінде 17 мың бала қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде және туыстарымен тұрады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, 1 жылдың ішінде 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі. Ал осы жылы бұл сан 4 мыңнан асты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.