Қытайдың Бейжің қаласынан шыққан "Ралли Пекин – Париж 2024" автошеруі Қызылордаға жетті. Автошерушілердің қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етті.
Негізінен автошеру әлемнің 22 елінен ретротехникаға қызығатын 287 қатысушыдан тұрады. Дерекке сәйкес, авторетрошерудегі көліктердің орташа жылы 88 жылдық болса, ең көне көлік – 110 жыл бұрын шығарылған америкалық LaFrance.
Негізінен автошеруге қатысушылар 18 мамырда Бейжіңнен шығып, Үрімші арқылы Қызылорда облысына жеткен.
Іс-шара барысында полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Енді ретрошерулер Ақтау арқылы Бакуге өтіп, автошеруді Парижде қорытындылайды.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ
Қызылорда облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.