Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градуасқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін, орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 градусқа дейін», - деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.