Атырауда ағысы қатты тасқын су 100 метр бөгетті шайып кетті.
Атырауда бөгеттің 100 метрге жуық аумағын тасқын су шайып кетті
жедел штаб
2,794
оқылды

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, шаһар маңындағы Ақжар ауылында жағалау бөгетінің 100 метр аумағын тасқын су шайғаны анықталып отыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір бұл аумақта нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

«Жайық өзенінің жағасында су деңгейін бақылап тұрған кезекші құрам таңғы сағат 04:00 шамасында бөгеттің бір бөлігін су шайып, құлап жатқанын байқаған. Біз төтенше жағдайлар саласының мамандарымен бірге бөгетті жедел түрде нығайту жұмысына кірісіп кеттік. Қазіргі уақытта бұл жерге геомембрана төселіп, қосымша топырақ төгіліп жатыр. Ағысы күшейген тасқын су шайған бөгеттің аумағы 100 м. Жалпы су шайған бөгет аумағын шифер материалымен қорғаймыз деген жоспарымыз болды. Алайда, су деңгейінің тереңдігі кедергі келтірді», – дейді аталған участок үйлестірушісі Қаһарман Рахметұлы.

Оның айтуынша, жедел жұмысқа Атырау және Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменттерінен 20-ға жуық маман тартылды. Қазір құлаған бөгетті қалпына келтіру 90% аяқталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.