Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстандағы уақыт белдеуін қайтадан өзгертуге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) өткен еді.
Мәжілістің жалпы отырысында вице-премьерге уақыт белдеуін қайтадан өзгертуге қатысты сұрақ қойылды.
"Қазақстанда уақыт белдеуін қайтадан өзгертуге қатысты петиция 45 мыңнан аса дауыс жинады. Егер оған дауыс берген адамдардың саны 50 мыңнан асса уақыт белдеуі қайтадан өзгеруі мүмкін бе?", – деді БАҚ өкілі.
Серік Жұманғарин петиция қашан қаралатынын түсіндірді.
"Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз (Үкіметте) арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мәселені мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастырамыз. Сондықтан петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Содан кейін жұмысты бастаймыз", – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.