Алайда Айтбек Амангелді өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмейтінін айтты.
Министр Айтбек Амангелдінің үстінен іс қозғалғанын растады
855
оқылды

Қазақстандық саясаткер, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқаннан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жалған ақпарат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда Айтбек Амангелді өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмейтінін айтты. 

Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, қозғалған қылмыстық іс бойынша фигуранттардың ішінде Айтбек Амангелді бар.

"Іс бар, бірақ нақты бір адамға қарсы қозғалған жоқ. Біз мәлімдемелерді тексереміз”, – деді Сәденов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.