Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Ұлытау облысында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы құны 150 млн теңгеден асатын музыкалық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, осы жылдың 17 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге еліміздің бірқатар өңіріндегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты имидждік және ірі іс-шаралардан бас тартуды тапсырды.
Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүргізу жойылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.