«Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ.
Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды: «Қазақмыс» мәлімдеме жасады
Фото: Қырғызстан ҰҚМК
266
оқылды

Желіде Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматы, «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпараты тарады. «Қазақмыс» компаниясы осы жайтқа байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

«Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынбайды және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Бұған қоса «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ», – делінген хабарламада..

Сонымен қатар компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын және өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.