Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы ұлғаяды.
Маусымда 9 өңірде құрғақшылық болады
Фото: flectone.ru
3,174
оқылды

Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы ұлғаяды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Атмосфералық құрғақшылық күтіледі:

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;

Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;

Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;

Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;

Қарағанды облысының Шет ауданында;

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;

Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;

Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.

Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде күтіледі.

Елдің қалған бөлігінде ылғал түсу жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.