Алматыда жекенің қолына өтіп кеткен же­дел жәрдем кешені мемлекетке қай­тарылды.
Жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды
456
оқылды

Қалалық прокуратураның мәліметінше, аталған нысанның жалпы құны – 3 млрд теңге.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданара­лық экономикалық сотының былтыр қараша айын­дағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жекеменшікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттан­дырылып, сот шешімі заңды күшіне енді», – деп атап өтті прокуратурадан.

Ауданы 3 974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі В.Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазір жылжымайтын мүлік, қала әкімінің қау­лы­сымен жедел медициналық жәрдем қызметі­нің баланысына берілді, қосымша қосалқы станса ашу жоспарда бар.