Елімізде 10 743 демалыс орнында 2,9 млн бала жазғы демалысын өткізеді. Оның ішінде 10 мың бала – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала – маусымдық, 2,6 млн бала – мектеп жанындағы, 75 мың бала – шатырлы және киіз үйлі демалыс орындарында демалады.
«Жазғы демалыспен, сауықтырумен және еңбекпен 1-10-сынып оқушыларының 92%-ы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, барлығы шамамен 2,9 млн бала қамтылады деп жоспарланып отыр. Демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс орталығының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылуда. Ал қалған 37 демалыс нысаны өз жұмысын 15 маусымнан бастайды», – делінген министрліктің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.